28.02.2008, 10:36 3085

Қазақстанның ішкі нарығында қант бағасының өсуіне себеп жоқ - Ауыл шаруашылық министрлігі

Қазақстанның ішкі нарығында қант бағасының өсуіне себеп жоқ - Ауыл шаруашылық министрлігі

Астана. 28-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ауыл шаруашылық министрлігі Қазақстанның ішкі нарығында қант бағасының өсуіне себеп жоқ деп сендіріп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қант әкелуге квота енгізу туралы үкімет қаулысын түсіндіретін баспасөз баянында көрсетілген.

"Қазақстанның ішкі нарығында қант бағасының өсуіне себеп жоқ", - деп көрсетілген баспасөз баянында.

"Ішкі нарықты демпингтік импорт экспансиясынан қорғау Қазақстанның қант зауыттарына табысты өнім өндіруге, қант қызылшасының өндірісін қайта жолға қоюға мүмкіндік береді", - дейді министрлік хабарламасында.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ТМД елдері, оның ішінде, Ресей, Беларусь, Украина мен Қырғызстан ішкі нарықты қорғау мақсатымен қант әкелуге не тыйым салған, не режиміне өзгерістер енгізген.

"Осындай жағдайда Қазақстанның ішкі нарығына кәдімгідей қауіп төнді. Ол квота енгізілгенге дейін іс жүзінде қорғалмаған еді", - деп атап көрсетілген баспасөз баянында.

"Осы уақытқа дейін Қазақстан кедендік қадағалау аясында өңделген қант өнімдерін енгізу режиміне түзету енгізбеген ТМД-дағы жалғыз мемлекет болып келді. Бұл көрші елдердің кәсіпкерлеріне Қазақстанға арналған толлингтік өнімі өндірісін жолға қоюға мүмкіншілік беріп келді. Бұл отандық қант зауыттарының жұмысын, одан әрі қант қызылшасын өндірушілерді шығынға батырды", - деп атап көрсетілген құжатта.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Ресейден қарағанда ТМД елдеріне таралмайтын ақ қантқа арналған импорттық кедендік төлем мөлшерлемесі шикізатына қарамастан 30 пайызды құрайды. Алайда, ол 1 кг-ға 0,12 евродан кем болмауы шарт. 2007 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда қант импорты 53 пайызға өсті. Ішкі нарықтағы импорт көлемі 15,8 пайыздан 30,3 пайызға дейін ұлғайды. 2007 жылғы қант импортының сараптама нәтижелері Ресейдің ең жоғары үлеске ие екендігін көрсетіп отыр (94 пайыз).

Бұрын хабарлағанымыздай, 2008 жылдың 26-ақпанында үкімет 2008 жылдың 1-қазанына дейін қант импортына уақытша квота енгізуді және ол квотаны қант өңдеуші заңды тұлғалар арасында бөлуді қарастыратын "Кейбір тауар түрлеріне қатысты шектеулер енгізу туралы" қаулы қабылдаған.

Аталмыш қаулы осы саладағы отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жігерлендіру және қолдау мақсатында, сондай-ақ, ішкі нарықтағы қорғаныс шараларының бірі ретінде қабылданған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны