17.06.2011, 16:25 2953

Қазақстанның Испаниямен ынтымақтастығы Кедендік одақ пен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын ескере отырып дамымақ

Бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Испания Корольдігінің премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеромен кездесті.

Астана. 17 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанның Испаниямен ынтымақтастығы Кедендік одақтың құрылғанын және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуын ескере отырып дамитын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Испания Корольдігінің премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеромен кездесті.

ҚР Үкімет басшысының Facebook сайтындағы бетінде жазылғандай, тараптар Қазақстанның транзиттік орналасуын, Кедендік Одақтың құрылғанын және елдің үдемелі индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асуын ескере отырып сауда-экономикалық және инвестициялық өзара ықпалдастық әлеуеттерін қарастырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны