11.06.2014, 20:04 5582

Қазақстанның Қаржы министрлігі 30 салалық бағдарламаны жетілдіруде

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік және салалық бағдарламаларға тексеріс жүргізу аясында 30 салалық бағдарламаны жетілдірмекші. Бұл туралы Палатаның спикері Қ.Тоқаевтың төрағалығымен өткен пленарлы отырыста ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі Б. Сұлтанов мәлім етті.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік және салалық бағдарламаларға тексеріс жүргізу аясында 30 салалық бағдарламаны жетілдірмекші. Бұл туралы Палатаның спикері Қ.Тоқаевтың төрағалығымен өткен пленарлы отырыста ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі Б. Сұлтанов мәлім етті.

"Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыруда нәтижелердің үйлеспейтіндігі көтерілген болатын. Осы мақсатта тексеріс жұмыстары аяқталды. Атап айтатын болсақ, 30 салалық бағдарлама жетілдірілетін болады", - деп Қаржы министрі ағынан жарылды.

Оның үстіне субсидияның дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдау бойынша бірқатар шектеулер енгізілді.

"Бір адам бірнеше қайтара субсидия ала алмайды. Субсидия берілген жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылуы тиіс", - деді Б. Сұлтанов.

Сонымен қатар, ведомсвто басшысы атап өткендей, бюджеттік Кодекске қаржыны толығымен игере отырып күткен нәтижеге қол жеткізбегені үшін жауапкершілік енгізілді. "Инвестициялық жобаларға мониторинг кезегі өзгертілді. Ир министрлік аударған трансферттерді қадағалайтын болады", - деп министр толықтырды.

Айта кетерлік жайт, ҚР Парламенті Сенаты бүгін Үкімет пен Республикалық бюджетті қадағалау және республикалық бюджеттің орындалуы бойынша есептік комитеттің 2013 жылға арналған есептерін тыңдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны