21.05.2008, 13:45 2877

Қазақстанның қаржы нарығын реттеушілер қаржы дағдарысын күткен

Қазақстанның қаржы нарығын реттеушілер қаржы дағдарысын күткен

Алматы. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның қаржы нарығын реттеушілер қаржы дағдарысын күткен. Бұл туралы кеше өткен"2008 жылғы корпоративтік қаржы" атты халықаралық конференцияда "ABN AMRO Банк Қазақстан" банкі басқармасының төрағасы Юрген Ригтеринк мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің пікірімізше, жаһандық ақша дағдарысын Қазақстандағы әлемдік банктер мен қаржы нарығын реттеушілер де күткен. Біз банк дағдарысы туралы айтып отырғанымыз жоқ, біз жеке банктер ұрынған дағдарыс мәселесін қозғап отырмыз, өйткені көптеген банктер бұл жағдайды болжап күткен", - деп атап өтті ол өз баяндамасында.

Оның сөздері бойынша, дағдарыстан зардап шеккен кейбір банктердің шетелден арзан қаржыландыруды көздеген бизнес модельдері болған, алайда жаһандық дағдарысты ескере отырып, Лондонда қаржыландыру қысқартылды. Сонымен бірге депозиттер көлемі азайып, жұмыс істемейтін несиелер көлемі ұлғайды.

"Бұның бәрі кейбір банктердің ақша дағдарысына ұрынуына әкелді. Алайда, Ұлттық банк дұрыс қадамдарды қолға алды, мысалы Ұлыбританияда қаржы нарығын реттеушілер іске араласпай, әліптің артын бағып отыр", -деп түсіндірді Ю. Ригтеринк.

"ABN AMRO Банк Қазақстан" басшысының сөздері бойынша Қазақстанның Ұлттық банкі қаржымен қамтамасыз ету міндетін алып, тұрақты айырбас бағамын қамтамасыз етіп, жаңа минималды резервтік талаптарды енгізу уақытын кейінге шегерді.

Бірақ соған қарамастан," компаниялар мен тұтынушыларға берілетін несие бағасы көтеріліп, ипотеканың құны да ұлғайтылды. Ал бұл жалпы экономиканың өсіміне кері әсерін тигізді", -деп атап өтті Ю. Ригтеринк.

"Банк секторы жалпы өзінің мәселесін шеше алатынына сенімді. Дағдарыс біз үшін жақсы сабақ болды, көп нәрселерді біліп үйренуіміз керек, әрине, зардап шеккендер де болады, бірақ туындаған жағдайды реттеп басқаруға болады ", - деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны