22.09.2009, 18:58 7905

Қазақстанның қаржы секторының дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму тұжырымдамасының жобасы қарашада бекітіледі

Қазақстанның қаржы секторының дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму тұжырымдамасының жобасы қарашада бекітіледі

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның қаржы секторының дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму тұжырымдамасының жобасы қарашада бекітіледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бейсенғали Тәжияқов бүгін парламент сенатында өткен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сенаттың қаржы және бюджет комитеті депутаттарының еліміздің Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқовпен кездесуінде ақша-несие және монетарлық саясат мәселесі талқыланды.

Кездесуді аша келіп комитет төрағасы Қайрат Ищанов талқыланып отырған тақырыптың маңыздылығына, еліміздің қаржы секторын тұрақтандыру шараларының табыстылығы банк стратегиясы мен саясатын жүзеге асыру тетіктеріне байланысты екеніне тоқталды.

Қаржы жүйесін қолдау мен тұрақтылықты сақтаудағы Ұлттық банкінің рөлін атап өте келіп Қ.Ищанов өзгермелі экономикалық жағдайға және қаржы саласы секілді тұтас экономиканы сауықтыруға ықпал ететін міндеттерді белгілеу және құралдарды пайдалану осы құрылымға жүктелгенін айтты.

Инфляциялық үдерістерді реттеу ісіндегі Ұлттық банктің мезгілінде қабылдаған шараларының қатарында депутат инфляциялаға қарсы және тиімді ақша-несие саясаты туралы ойларын ортаға салды.

Осындай шаралардың арқасында өткен жылдың аяғына дейін көрсеткіштердің көтеріле түсуімен сипатталған инфляцияның күрт қарқыны тоқтатылды. Бұл үдерістер деңгейінің төмендеуі осы жылдың тамыз айында жылдық инфляция 6,2 пайыз деңгейінде белгіленуімен байқалды.

Банк қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне тоқтала келіп Қ.Ищанов Парламент қабылдаған "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заңға енгізілген өзгерістерді де айтты. Бұл заң жобасы кезінде депутаттар ғана емес, жұртшылық арасында да кеңінен талқыланған болатын.

Ұлттық банкі жүргізіп отырған ақша-несие және монетарлық саясаты туралы Б.Тәжіяқов баяндады. Депутаттар назарын теңге бағамы өзгерістерін тұрақтандыруға және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағдарланған шараларға аудара келіп Ұлттық банк төрағасының орынбасары депутаттар сауалдарына жауап берді.

Атап айтқанда, девальвацияға, ішкі және сыртқы борыштардың төлеміне, халықтың бос қаржысын тартуға, сондай-ақ валюталық заңнамаға енгізілген құқықтық түзетулердің зардаптары туралы түсіндірме берілді.

Кездесуде "Нұр Отан" ХДП кезектен тыс ХІІ съезі мен Парламенттің ІІІ сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы айтқан ұлттық қаржы архитектурасының жаңа Тұжырымдамасын әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны