19.05.2011, 18:39 3902

Қазақстанның кәсіпорындарын жаңғырту және жаңалау

Өткен жылы ҚР президентінің тапсырмасы бойынша, үкімет "Атамекен Одағы" ҰЭП бірлесе отырып Дүниежүзілік банкінің техникалық қолдауымен 200 өнеркәсіптік кәсіпорынға технологиялық аудит жүргізген болатын. Нәтижесінде негізгі қордың, әсіресе құрылғылардың тозуы, басқару және маркетинг-өткізу технологияларының дамымай қалғандығы, қаржылық ресурстарға қол жеткізудің шектелуі, жаңа техникалық талаптарға сай келетін білікті мамандардың жеткіліксіздігі сияқты проблемалар анықталған болатын.

2011 жылдың 18-мамыры күні Астанада елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 24-ші жалпы отырысы өтті. ШИК кезекті отырысының тақырыбы - Қазақстанның кәсіпорындарын жаңғырту және жаңалау.

Өткен жылы ҚР президентінің тапсырмасы бойынша, үкімет "Атамекен Одағы" ҰЭП бірлесе отырып Дүниежүзілік банкінің техникалық қолдауымен 200 өнеркәсіптік кәсіпорынға технологиялық аудит жүргізген болатын. Нәтижесінде негізгі қордың, әсіресе құрылғылардың тозуы, басқару және маркетинг-өткізу технологияларының дамымай қалғандығы, қаржылық ресурстарға қол жеткізудің шектелуі, жаңа техникалық талаптарға сай келетін білікті мамандардың жеткіліксіздігі сияқты проблемалар анықталған болатын.

Жүргізілген аудиттің нәтижесі мен қорытындысы жүйелі шаралар әзірлеу қажеттігіне жетелеген болатын. Жаңғыртуға дайындық тұрғысынан және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану мақсатында барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар үш топқа бөліген.

Үкіметтегілер отандық кәсіпорындарды жаңғырту мен дамытуға ірі шетелдік инвесторларды, жер қыртысын пайдаланушыларды тартудың маңыздылығын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны