15.05.2012, 10:49 3443

Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 1,7%-ға өсті

Ағымдағы жылғы қаңтар айы мен наурыз айы аралығында еліміздің Кеден одағы мемлекеттерімен өзара саудасы 5 208,9 млн АҚШ долларын құрап, 2011 жылдың қаңтар-наурыз айымен салыстырғанда 1,7%-ға өсті. Оның ішінде экспорт 1 565,1 млн АҚШ долларын (19,9% кем), ал импорт 3 643,8 млн АҚШ долларын (15,0%-ға өсті) құраған.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - 2012 жылы қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстан Республикасы Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 5 208,9 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылғы қаңтар айы мен наурыз айы аралығында еліміздің Кеден одағы мемлекеттерімен өзара саудасы 5 208,9 млн АҚШ долларын құрап, 2011 жылдың қаңтар-наурыз айымен салыстырғанда 1,7%-ға өсті. Оның ішінде экспорт 1 565,1 млн АҚШ долларын (19,9% кем), ал импорт 3 643,8 млн АҚШ долларын (15,0%-ға өсті) құраған.

Агенттік мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасының экспорты құрылымының басым бөлігін минералды өнімдер (КО елдеріне экспорт көлемінің 43,2%), металдар мен одан жасалған бұйымдар (29,3%) және химиялық өнеркәсіп өнімдері (15,2%) құрайды.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан ауқымды көлемде минералды өнімдер (КО елдерінен импорт көлемінің 31,0%), машиналар және жабдықтар (21,9%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,1%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (11,2%) әкелінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны