13.01.2010, 16:09 3095

Қазақстанның кеден органдары 2010 жылы елдің бюджетін 586 млрд теңгеге толықтырмақшы

Қазақстанның кеден органдары 2010 жылы елдің бюджетін 586 млрд теңгеге толықтырмақшы

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның кеден органдары 2010 жылы елдің бюджетін 586 млрд теңгеге толықтырмақшы. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті кеденді кірістер басқармасының төрайымы Елена Канашкина брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2009 жылдың қорытындысына сәйкес, бюджеттің кіріс бөлігін толтыру бойынша болжам-жоспарды кеденшілер 105,5% орындады. Кеден органдары бюджетке 575,4 млрд теңге қосты. Орта есеппен алғанда, кеден органының бір қызметкерінің үлесіне өндіріп алынған 101 млн теңгеден келеді", - деді Е. Канашкина.

"2010 жылға арналған болжам-жоспар 586 млрд теңгеге тең", - деді басқарма бастығы.

Оның айтуынша, өткен жылы "республикалық бюджеттің салықтық түсімдерінде кедендік төлемдер мен салықтардың үлесі 36,7% құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны