18.03.2010, 14:32 3718

Қазақстанның Кедендік одаққа кіруі серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі - Шүкеев

Қазақстанның Кедендік одаққа кіруі серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі - Шүкеев

Алматы. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның Кедендік одаққа кіруі серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев кеше журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кейбіреулер Қазақстанда шкізаттан басқа салада ештеңе өндірілмейді дейді. Ал осының себебі неде? Бұған біздің еліміздің кәсіпкерлерінің осалдығы мен әлсіздігі басты себеп емес",- деді Ө.Шүкеев. Оның айтуынша, "шетелдік инвесторды тартуға талпыныс жасаған кезде олар бірден нарықтың ауқымын сұрайды. Ал халықтың саны 15 млн деп аузыңды аштың екен, олар бірден теріс айналады. Мұндай жайт өткен жылдар бойы қайталанып келді".

"Сол себепті де біздің мемлекет басшымыз түрлі интеграциялық бірлестіктер құру бағытында тынбай және үлкен табандылықпен саясат жүргізіп келеді. Кедендік одақ - осы саясаттың нақты жүзеге асуы",- деді ол.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеевтің айтуынша, қазір нарық 160 млн адамды құраған кезде ахуал түбегейлі өзгермек.

"Сондай-ақ, кез-келген өнім өндіруші үшін арзан әрі сапасыз импорттан қорғану керек. Біздің индустриялық даму бағдарламамыз енді ғана қолға алынып жатыр, баршамыз енді жұмыла отырып осыларды аяғынан тұрғызып, нарықтағы өз орнымызды иемденуіміз керек",- деді Ө.Шүкеев.

Бұған қоса, Кеден одағы ең алдымен біздің тұтынушыларымыз үшін тиімді. Оның айтуынша, біздің халықтың басым бөлігі - тұтынушылар, сондықтан да Кедендік одаққа елдің кіруіне байланысты оларды сатып алатын тауарларында қандай өзгерістер болатыны толғандырады.

"Егер олардың тұтынуына бұрын Қазақстанның кәсіпкерлері мен бизнес құрылымдары қызмет көрсетіп келсе, енді ресейлік және беларустық кәсіпкерлер де қаазқстандықтармен тең дәрежеде біздің халқымыздың қажеттерін өтеуге қызмет көрсетуге мүмкіндік алды", - деп атап өтті ол.

Ө.Шүкеевтің айтуынша, бұл одақтан, ең алдымен тұтынушылар ұтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны