15.07.2008, 19:13 2787

"Қазақстанның Қызыл кітабы" монеталар сериясы "Тянь-шань қоңыр аюы" атты тиынмен толықты

"Қазақстанның Қызыл кітабы" монеталар сериясы "Тянь-шань қоңыр аюы" атты тиынмен толықты

Алматы. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстанның Қызыл кітабы" монеталар сериясы "Тянь-шань қоңыр аюы" атты тиынмен толықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тиын 2008 жылғы 5 шiлдеде айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада екі жолға орналасқан және монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу бар, номиналдың астында соғылған жылын білдіретін "2008" деген сан орналасқан. Номинал цифрларының үстінде - спиральдің геральдикалық суреті. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар. Монетаның сол жақ жоғарғы бөлігінде екі жолға айналдыра ұлттық ою-өрнек элементі, оң жақта монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 24 gr." деген жазу орналасқан.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) орман өскіндері аясында тянь-шань қоңыр аюының суреті орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ТЯНЬ-ШАНЬ ҚОҢЫР АЮЫ" және латын тілінде "URSUS ARCTOS ISABELLINUS" - түрдің зоологиялық атауы жазылған. Таралымы - 3 мың дана.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны