11.05.2017, 16:10 5241

Қазақстанныӊ көлік-логистикалық мүмкіндігі Түркменстанда талқыланды

Тараптар Қытай- Қазақстан- Түркменстан- Иран бағдарларына тұрақты контейнерлік пойыздар ұйымдастыру, транзиттік жүк көлемін арттыру, жаӊа бағдарларды игеру мәселесін талқылады. Келісім соӊында арнайы Хаттамаға қол қойылды.

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - "ҚТЖ" ҰК" АҚ делегациясы Түркменстандағы Көлік және логистика жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты.

Шараға көлік саласындағы халықаралық ұйымдар, қаржылық құрылымдар, корпорациялар мен компаниялар қатысты.

Конференцияда "ҚТЖ" ҰК" АҚ Логистика жөніндегі вице-президент Санжар Елубаев "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы, 2050 стратегиялық дамуы, 100 нақты қадам жобасына байланысты Қазақстанныӊ көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жайына тоқталды.

С. Елубаевтыӊ "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметіндегі инфрақұрылымды жасақтау, мултимодальдық логистика, жүк тасымалын дамыту туралы баяндады.

2016 жылы Қытай-Еуропа-Қытай контейнерлік тасымалы көлемі екі есеге (581-ден 1212 пойызға) артты. Бұл бағдардағы контейнерлік тасымал жоспарлы 94,6 мыӊ ЖФЭ болса, ол 105 мыӊ ЖФЭ жеткізілді. Бүгінгі таӊда Компания Қытаймен Еуропа арасындағы 15 транзиттік бағдарға қызмет көрсетеді. Оӊтүстік- Шығыс Азия бағдарындағы қолданыстағы "Sea-Air" логистикалық тізбегін "Rail-Аir" көлік өнімімен Дубай арқылы Еуропаға шығарудыӊ жаӊа бағдары қарастырылуда. 2016 жылы Амстердам, Стамбул және Мәскеу бағдарына 9 пойыз ұымдастырылды.

ТККБ қатысушылар аталмыш бағдардағы жүк тасымалдауды дамыту жөнінде ұйымдастыру шараларын белсенді жүргізуде. Транскаспий бағдарын дамытуға жаӊа мүшелерді тарту Еуразия құрлығындағы контейнерлік және логистикалық қызмет аясын өсіре түседі.

С. Елубаевтыӊ хабарлауынша, Ляньюньган портындағы қазақстандық логистикалық терминал Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуін жаӊғыртудағы орталықтардыӊ бірінен саналады. Бұл порт бастауын шығыстан алатын Еуразиялық құрлықтық дәліздіӊ Шығыс пен Батыс арасындағы маӊызды көпірі.

"Ляньюньган портындағы логистикалық және сауда алаӊы орталығын жасақтау -Қазақстанныӊ Орталық Азия, Парсы шығанағы елдері, Түркия, Еуропа бағдарына жүк тасымалдауын дамытуға зор мүмкіндік әпереді",-дейді вице-президент.

С. Елубаев "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА еуразиялық көлік жүйесіндегі маӊызы туралы әӊгімеледі. АЭА Қытай мен Еуроодақ, Орталық Азия, Оӊтүстік Кавказ бен Еуропа арасындағы көлік ағынын қамтамасыз ететін ірі өӊірлік көліктік-логистикалық хаб болып табылады.

Вице-президенттіӊ айтуынша, жүк жіберушілер Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан осы елдерге халықаралық жүк тасымалдауға ықпалдастық арқылы жүктіӊ бағасы, жеткізу мерзімі және қауіпсіздігі жөнінен ұтады.

Вице-президент сонымен қатар Қазақстанныӊ Каспий теӊізіндегі инфрақұрылымы туралы да баяндады. Ондағы Ақтау және Құрық порттарыныӊ ішкі және сыртқы КЛО желілерін жасақтауы және болашақтағы даму мүмкіндігі жайын хабарлады.

С. Елубаев Түркменстан, Иран теміржол әкімшіліктері мен Қытайдыӊ Ашхабадтағы көлік коммуникациялық қауымдастығы өкілдерімен кездесуге қатысты.

Тараптар Қытай- Қазақстан- Түркменстан- Иран бағдарларына тұрақты контейнерлік пойыздар ұйымдастыру, транзиттік жүк көлемін арттыру, жаӊа бағдарларды игеру мәселесін талқылады. Келісім соӊында арнайы Хаттамаға қол қойылды.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны