14.04.2014, 19:26 3365

Қазақстанның машина жасау кеңесі шамамен 40 шақты өнім түрлерін шығарады - Т.Алтаев

"Атап айтар болсақ тұрба, бұрғылау құрылғылары секілді қондырғылардың 30-40 түрін шығаруды жоспарлап отырмыз. Алдағы бір жылдың ішінде біз 1,5 млрд теңге көлеміне қаражат жұмсамақпыз. Осылардың нәтижесінде ел ішінде 30-40 мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Менің пікірімше, біз дұрыс бағытта бет алып барамыз", - дейді бірлестіктің атқарушы директоры Темірлан Алтаев.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. "Қазақстанның машина жасау кеңесі" заңды тұлғалар бірлестігі елімізде бұрын-соңды қолға алынбаған өндірісті іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде бірлестіктің атқарушы директоры Темірлан Алтаев.

"Біз "Тенгизшевройлмен" сәтті келіссөздер жасастық. Нәтижесінде, шетелдік компаниялары туралы мәліметке қол жеткіздік. Біз мұнай машина жасау саласында бірлескен кәсіпорындар ашатындай деңгейге жетіп отырмыз", - дейді Т.Алтаев.

Оның айтуынша, бірлестік елімізде бұрын-соңды қолға алынбаған өндірісті іске асыруды жоспарлап отыр.

"Атап айтар болсақ тұрба, бұрғылау құрылғылары секілді қондырғылардың 30-40 түрін шығаруды жоспарлап отырмыз. Алдағы бір жылдың ішінде біз 1,5 млрд теңге көлеміне қаражат жұмсамақпыз. Осылардың нәтижесінде ел ішінде 30-40 мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Менің пікірімше, біз дұрыс бағытта бет алып барамыз", - дейді бірлестіктің атқарушы директоры Темірлан Алтаев.

Темірлан Алтаевтың мәліметінше, аталмыш жұмыс орындары бірлестікте іске қосылатын болса, бұл өз кезегінде білім беру жүйесімен және жұмыскрлердің біліктіліктерін арттыру үшін еңбек нарығымен бірлесіп еңбек етуге мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны