19.05.2016, 13:42 3937

Қазақстанныӊ мемлекеттік қарызы 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша ЖІӨ-ге 21,6%-ды құрады - Б.Сұлтанов

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша Қазақстанныӊ мемлекеттік қарызы 9 022 млрд теӊгені немесе ЖІӨ-ге 21,6%-ды құрап отыр. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі жөніндегі 2015-2016 жылғы есебіне сәйкес Қазақстан "Мемлекеттік қарыз" индексі бойынша 140 мемлекеттіӊ арасында 12-ші орынға ие болып отыр, деді еліміздіӊ қаржы министрі Бақыт Сұлтанов

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша Қазақстанныӊ мемлекеттік қарызы 9 022 млрд теӊгені немесе ЖІӨ-ге 21,6%-ды құрап отыр. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі жөніндегі 2015-2016 жылғы есебіне сәйкес Қазақстан "Мемлекеттік қарыз" индексі бойынша 140 мемлекеттіӊ арасында 12-ші орынға ие болып отыр, деді еліміздіӊ қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша Қазақстанныӊ мемлекеттік қарызы 9 022 млрд теӊгені құрап отыр. Бұл АҚШ долларына шаққанда 26,6 млрд долларды құрап, ЖІӨ-ніӊ 21,6 пайызына теӊ. Дүниежүзілік экономикалық форумныӊ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі жөніндегі 2015-2016 жылғы есебіне сәйкес Қазақстан "Мемлекеттік қарыз" индексі бойынша 140 мемлекеттіӊ арасында 12-ші орынға ие болып отыр", - деді Парламент Мәжілісінде 2015 жылғы республикалық бюджеттіӊ атқарылуы туралы Үкімет есебін таныстырған Б.Сұлтанов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ сөзіне қарағанда, борыштық жүктемелер де елімізде бұрынғыдай қауіпсіз деӊгейде тұр.

"Борыштарды қайтарудыӊ кірістерге арақатынасы 10 пайыздан төмен, бұл ретте шекті деӊгей 15 пайыз болып табылады", - деді министр.

Оған қоса, Қаржы министрлігі басшысыныӊ айтуынша, бюджет тұрақтылығыныӊ маӊызды сипаттамасы оныӊ тапшылығыныӊ мөлшері болып табылады.

"Есептік жылда бюджет тапшылығы жоспарға қатынасында төмендеп, 912 млрд теӊгені немесе ЖІӨ-ге 2,2%-ды құрады", - деді ведомство басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны