21.02.2008, 17:30 3027

Қазақстанның мемлекеттік органдары мен General Electric ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстанның мемлекеттік органдары мен General Electric ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мемлекеттік органдары мен General Electric ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Құжатқа Документ General Electric президенті әрі бас атқарушы директор Фердинандо Беккалли, "Самұрық" холдингінің төрағасы Қанат Бозымбаев, "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Айтекенов, денсаулық сақтау вице-министрі Қадыр Омаров, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі жол және қатынас комитетінің төрағасы Марат Оразбеков қол қойды.

"Бұл құжат Қазақстан мен General Electric арасындағы көп жақты ынтымақтастықты дамытудағы елеулі кезең болып табылады. Ол General Electric-тің елімізбен ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды нығайтуға деген талпынысын паш етеді", - деді келісімге қол қою рәсімінен кейін Ф. Беккалли.

"Самұрық" холдингі таратқан баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, меморандумда тараптардың мұнай және газ өндіру, тасымалдау және өңдеу, электр қуатын өндіру, биоэнергия өндіру, экологиялық таза энергия өндіру, энергия үнемдеу, тау-кен өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, уран өңдеу және атом энергетикасы, қаржылық шешімдер мен инвестициялық басқару, көлік инфрақұрылымын дамыту және машина жасау саласындағы ықпалдастық жайттары қарастырылады. Тараптар бұған қоса Қазақстанның индустрия саласының экспорттық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мен айқындау, Қазақстанда инвестициялық және коммерциялық маңызы бар технологияларды дамыту бағытында да жұмыс істейді.

Сондай-ақ, "меморандумда денсаулық сақтау саласын дамыту мүмкіндіктері де қарастырылған. Тараптар халықты сауықтыру саласындағы бағдарламаларды дамыту, жүрек ауруларының алдын алу, ана мен баланың денсаулығы, омырау ісігі мен туберкулездің алдын алу бағдарламалары бойынша бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ, компания республикада денсаулық сақтау нысандарын сала бастамақшы".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны