30.05.2013, 09:17 4356

Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы 5,5 млрд долларды құрады

"Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы фирмааралық қарыздарын есепке алғанда 2012 жылдың соңына 137 млрд долларды құрады, сонымен қатар мемлекеттік сыртқы қарыз Үкімет пен Ұлттық банктің міндеттерін қосқанда 5,5 млрд долларды құрады", - деді Г.Марченко.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы 5,5 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында мәлім етті.

"Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы фирмааралық қарыздарын есепке алғанда 2012 жылдың соңына 137 млрд долларды құрады, сонымен қатар мемлекеттік сыртқы қарыз Үкімет пен Ұлттық банктің міндеттерін қосқанда 5,5 млрд долларды құрады", - деді Г.Марченко.

Сонымен қатар, ҰБ төрағасы атап өткендей, банктік емес сектордың сыртқы қарызы 118 млрд долларды құрады, оның жартысынан көбі фирмааралық қарыз құрады, оған 66,5 млрд доллар немесе жалпы сыртқы қарыз көлемінен 48,5 % тиесілі.

Бұдан өзге, Ұлттық банк басшысы өткен жылы қазақстандық банктердің сыртқы міндеттері 2, 2 млрд долларға төмендегенін хабарлады. Ақшалай көлемі 7,9 %-ға, қолма қол ақша көлемі 11,9%-ға ұлғайды.

"2013жылдың қаңтар-сәуірінде ақша базасын қысу 1,3 %-ды құрады. Осылайша, ақша көлемі 5 %-ға артып, қолма қол ақша 5,8 %-ға қысқарды", - деп толықтырды ол.

Г.Марченкрның айтуынша, экономикадағы ақшалай ұсыныс оның өсу қарқынына сәйкес деңгейде сақталады. "2013 жылдың соңына дейін бұл тенденциялар сақталады, сондықтан монтарлық факторлардың инфляцияға әсері минимлды болып қалады. Оған Ұлттық банктің ақша нарығында өтімділікті реттеу бойынша шаралары көмектеседі", - деп есепьейді Ұлттық банк басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны