13.06.2008, 13:36 1801

Қазақстанның минералды шикізат секторында геологиялық барлауға жұмсалатын инвестициялар ұлғая түсуде - ҚР ЭМРМ

Қазақстанның минералды шикізат секторында геологиялық барлауға жұмсалатын инвестициялар ұлғая түсуде - ҚР ЭМРМ

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның минералды шикізат секторында геологиялық барлауға жұмсалатын инвестициялар ұлғая түсуде. Бұл туралы "Азия қоғамы" ұйымының "Қазақстан: Еуразия қиылысындағы сауда мен инвестициялау" атты II Халықаралық бизнес-конференциясында ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Атап өтерлік жайт, геологиялық барлауға жұмсалатын инвестициялар көлемі ұлғая түсуде. Бұл келешекте мемлекеттік балансқа қойылатын қазба байлық қоры тағы да өсетінен меңзейді", - деді Б. Ақшолақов.

"Минералдық шикізат кешеніне арналатын жалпы инвестицияның бұған дейін 70% астамы оны өндіруге, шамамен 11-12% геологиялық барлауға жұмсалатын",- деді ол.

"Жалпы, Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты қайраңында көмірсутегі шикізатын өндіруде келешегі бар 200 жуық құрылым анықталған. Олардың бәрінде де геологиялық барлауға қыруар көп қаржы жұмсау қажет, қазір көптеген компаниялар дәл осы іспен шұғылдануда", -деді өкіл.

Ол қазіргі күні Каспийдегі көмірсутегі қорының болжамдары 13 млрд тоннадан асатынын, оның 8 млрд тоннадан астамы " Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты қайраңында" екенін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны