04.10.2006, 15:49 2846

Қазақстанның мұнайгаз саласына жұмсалған шетелдік инвестициялардың жылдық орташа өсімі бес жылда 31 процентті құрады

АЛМАТЫ. 4-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстанның мұнайгаз саласына жұмсалған шетелдік инвестициялардың жылдық орташа өсімі бес жылда 31 процентті құрады. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін Алматыда KIOGE-2006 көрмесінде құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстанның мұнайгаз саласына жұмсалған шетелдік инвестициялардың жылдық орташа өсімі бес жылда 31 процентті құрады. Инвестициялардың жалпы көлемі 55 млрд. долларға жетті",- деді министр.

Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, "кейінгі 10-12 жылда Қазақстанда әлемнің түрлі елдеріндегі кез-келген компания үшін мұнайгаз саласында еркін бизнес жүргізуге жағдай жасалды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны