12.05.2009, 16:57 2866

Қазақстанның оңтүстігін энергетикамен қамтамасыз ету сенімділігі артады - Мыңбаев

Қазақстанның оңтүстігін энергетикамен қамтамасыз ету сенімділігі артады - Мыңбаев

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның оңтүстігін энергетикамен қамтамасыз ету сенімділігі артады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен жиында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Осы жылдың маусым айында Солтүстік-Оңтүстік желісімен берілетін қуат көлемі 200 мегаваттқа, ал жылдың аяғына таман тағы да 350 мегаваттқа артады. Сөйтіп, Қазақстанның оңтүстігін энергетикамен қамтамасыз ету сенімділігі артады ", - деді С. Мыңбаев.

Бұған қоса, оның айтуынша, "2011 жылдың аяғына таман электр қуатын тұтыну көлемі бойынша біз бәрібір 2008 жылғы деңгейге жетеміз".

Министрдің мәліметінше, бүгінгі күні республикадағы электр қуатын тұтыну көлемінің төмендеуі өткен жылмен салыстырғанда 10% құрайды. "Бірақ, іс жүзінде 2008 жылдың орта шенінен бастап біз электр тұтыну көлемінің шарықтау шегіне жетсек, бұл іс жүзінде ең тежеуші фактор болды, енді 1,5 - 2 жыл мерзімді қуаттылықтардың негізін қалау мақсатында пайдаланып қалу керек", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны