24.07.2017, 19:44 4772

Қазақстанныӊ оӊтүстік өӊіріндегі 4 облыстыӊ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері "ҚазАгро" Ұлттық холдингініӊ желісі бойынша 8 миллиард теӊгеге қаржыландырылды

Бүгінгі таӊда 2017 жылдыӊ көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстанныӊ оӊтүстік өӊіріндегі 4 облыстыӊ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері "ҚазАгро" Ұлттық холдингініӊ желісі бойынша 8 миллиард теӊгеге қаржыландырылды.

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда 2017 жылдыӊ көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстанныӊ оӊтүстік өӊіріндегі 4 облыстыӊ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері "ҚазАгро" Ұлттық холдингініӊ желісі бойынша 8 миллиард теӊгеге қаржыландырылды. Республикадағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудыӊ негізгі көзі - бюджеттен бөлінген 60 миллиард теӊгені "ҚазАгроныӊ" еншілес компаниясы "Аграрлық несие корпорациясы" ұсынып отыр.

Жалпы республика бойынша 17 шілде күнгі ахуал бойынша "ҚазАгро" компанияларымен барлық қаражат көздері есебінен 64,6 млрд. теӊге сомасына 1301 өтінім қаржыландырылды, оныӊ ішінде бюджеттік несие қаражаты есебінен - 55,6 млрд. теӊге сомасына 774 өтінім.

Оныӊ ішінде оӊтүстік өӊір бойынша - 4,1 млрд. теӊге сомасына 120 өтінім, оныӊ бюджеттік несие есебінен 3,9 млрд. теӊге сомасына 108 өтінім:

Оӊтүстік-Қазақстан облысында - 2,5 млрд. теӊге сомасына

Қызылорда облысында - 808,1 млн. теӊге сомасына

Алматы облысында - 521,1 млн. теӊге сомасына

Жамбыл облысында -137 млн. теӊге сомасына

- АНК құрылымдық бөлімшелерінде қарастыруда 1,7 млрд. теӊге сомасына 85 өтінім жатыр, с.і. оӊтүстік өӊір бойынша 66,6 млн. теӊге сомасына 4 өтінім (Қызылорда облысы).

Естеріӊізге сала кетейік, 2017 жылы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын қаржыландыру жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілген еді. Оныӊ мақсаты - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерініӊ ауқымын кеӊейтіп, оларға қажетті қаржыны барынша қолжетімді ету.

- "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (АНК) филиал желілері арқылы банк кепілдігін берумен АШТӨ тікелей қаржыландыру;

- ауылшаруашылық кооперативтері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін кейіннен қаржыландыру үшін екінші деӊгейлі банктерді қорландыру.

- несие серіктестіктерін (НС), шағын қаржы ұйымдарын (ШҚҰ) қорландыру.

Ағымдағы жылы несиелеу мөлшерлемелері төмендетілді, қаржы институттары арқылы нсеиелеу кезіндегі қарыз алушылар үшін соӊғы мөлшерлеме жылдық 6%-дан аспайды.

"Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ (АКШК) ауылшаруашылық өнімін форвардтық сатып алуды жүзеге асыру арқылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді қолдауға қатысады, осылайша АШТӨ жиналған өнімдерін кепілдендіріп өткізуін қамтамасыз етеді. Осы ретте оныӊ сатып алатын тауарларыныӊ тізімі кеӊейтілді. Егер, бұрын АКШК бидай мен арпаны сатып алған болса, онда ағымдағы жылы фермерлер май дақылдарын да (рапс, зығыр, күнбағыс, соя) өткізе алады.

11 басым бағыт анықталды, бұл: май дақылдары (күнбағыс, рапс, зығыр, соя) және арпа, қант қызылшасы, күріш, астық жүгерісі, мақта, сұлы, картоп, оларды қаржыландыру алғашқы кезекте жүзеге асырылды.

1301 өтінім бойынша заявкам берілген несие қаражаттары АШТӨ 3,7 млн. га. алаӊда дақылдар егу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді. Соныӊ ішінде оӊтүстік өӊір бойынша 120 өтінім АШТӨ 114,8 мыӊ га. алаӊда дақылдар егу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді, оныӊ басым бағыттар бойынша - 51,2 мыӊ га (44,6%).

Осы жылы ауылшаруашылық кооперативтері арқылы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру жалғасады.

Осылайша, ағымдағы жылы 176 АШТӨ қатысуымен 8 млрд.теӊге сомасына 10 кооператив қаржыландырылды, 598,3 мыӊ га көлеміндегі егістік алаӊын өӊдеуді қамтыды.

Бұдан басқа, "ҚазАгроҚаржы" АҚ желісі бойынша ү.ж. 14 шілдесі жағдайында егістікке қажет ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін17,7 млрд. теӊге сомасына 1230 қаржы лизингі шарттары жасалды, 5,7 млрд. теӊге сомасына АШТӨ-нен 291 өтінім мақұлданды, 9,1 млрд. теӊгесомасчына 267 өтінім қарастырылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны