30.04.2008, 18:13 6791

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде шегірткеге қарсы науқан басталды

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде шегірткеге қарсы науқан басталды

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін " - Оңтүстік Қазақстан облысында шегірткеге қарсы науқан басталды, деп хабарлайды агенттік ҚР ауылшаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, болжам бойынша облыста шегірткенің таралуы 95,3 мың гектар алаңда күтілуде. "Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында көктем құрғақ әрі жылы болып келуінен шегірткелердің личинкалары жер бетіне ерте шығып отыр",- делінген хабарламада.

"Шегірткенің личинкаларын анықтау үшін "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары жұмыс істеуде. Химиялық өңдеуді жүргізетін орындар уақытылы анықталып онымен келісім-шарт жасалды. Болжамдалған барлық алаңға инсектицидтер уақытылы жеткізілді", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекеменің ақпаратына сәйкес, жер бетіндегі шөптің қурап кетуіне байланысты шегірткенің азық іздеп таралып бара жатқанын ескеріп, 28 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысына қосымша инсектицидтер мен бүріккіш техника жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдігімен бірлесіп шегіртке тектес зиянкестердің ошақтарын уақытылы анықтау және химиялық өңдеу жүргізу үшін барлық мүмкін болған шараларды қабылдап жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны