13.01.2010, 17:55 3200

Қазақстанның оңтүстік шекарасы солтүстік кеден қызметінің мамандарымен нығайтылады

Қазақстанның оңтүстік шекарасы солтүстік кеден қызметінің мамандарымен нығайтылады

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстік шекарасын нығайту үшін солтүстік кеден қызметінің мамандары оңтүстікке жіберіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ержан Байтанаев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Солтүстік өңірдегі Ресей Федерациясымен арадағы шекараның кеден қызметкерлері Қазақстанның оңтүстік шекарасын нығайту үшін сол жаққа жіберіледі", - деді Е. Байтанаев.

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кеденді кірістер басқармасының төрайымы Елена Канашкинаның айтуынша, "осы шекараны нығайту, жалпы кеден қызметін дамыту және нашақорлықпен және есірткі тасымалымен күрес мақсатында елімізде 2010-2011 жылдарға арналған кеден қызметін модернизациялау бағдарламасы жасалған. Осы бағдарлама аясында үкіметтің қолдауымен жалпы көлемі 14 млрд теңге бөлінген. Жамбыл облысындағы шекаралар мен бекеттерді жабдықтауға шамамен 2 млрд теңге бөлінді. Қажетті барлық техникалық жабдықтар сатып алынып, еліміздің оңтүстік шекарасы мен кеден бекеттері нығайтылады",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны