11.02.2008, 15:49 2528

Қазақстанның премьер-министрі "Қазына" ТДҚ өзінің еншілес компанияларының іс-қызметіне халықаралық қаржы институттарын тартуды жеделдетуді тапсырды

Қазақстанның премьер-министрі "Қазына" ТДҚ өзінің еншілес компанияларының іс-қызметіне халықаралық қаржы институттарын тартуды жеделдетуді тапсырды

Астана. 11-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Қазына" Тұрақты даму қорына өзінің еншілес компанияларының іс-қызметіне стратегиялық серіктестері ретінде халықаралық қаржы институттарын тартуды жеделдетуді тапсырды. Үкімет басшысы мұндай тапсырманы бүгін "Қазына" тұрақты даму қорының алқа отырысында берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Стратегиялық серіктестер ретінде халықаралық қаржы институттарын тарту жөніндегі басталған жұмысты өте қысқа мерзімде аяқтау керек",- деді К. Мәсімов.

"Мұнда ең жоғарғы дайындық деңгейі Еуропалық қайта құру және даму банкіне қатысты. Мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Лемьермен сөйлестім, олар өз тарапынан мүдделік танытып отыр, тек қысқа мерзім ішінде келіссөздер жүргізу қажет",- деп түсіндірді ол.

"Біздің тек қана белсенді, ашық әрі айқын болуымыз керек, себебі біз неғұрлым ашық болмасақ, соғұрлым көп сұрақтар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдіктер туындайды"-, деп жалғады өз сөзін К. Мәсімов.

Ол қазірде "дүниежүзілік қаржы нарығы көптеген қаржы институттары үшін жабық екендігін" еске сала кетті. "Ол ашылғанда, өмір өзі көрсетеді. Бірақ біз қазір, дәл осы сәтте өзіміздің құрылымдық реформаларымызды жалғастыра отырып, бұл нарықтың ашылуы үшін, оның Қазақстан үшін алғашқылардың бірі болып ашылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек",- деп түсіндіріп өтті үкімет басшысы.

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқармасының төрағасы Мақсат Қабашев өз кезегінде Қазақстан Республикасының үкіметі, "Қазақстанның Инвестициялық қоры" АҚ мен "Қазына" Тұрақты даму қорының арасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің инвестициялық қордың жарғылық капиталына кіру туралы алдын ала келісім-шартқа қол қоюға дайын екендіктерін мәлім етті.

"Біз наурызда осындай алдын ала жасалған келісім-шартты ұсынуға дайынбыз. Егер сіз рұқсат берсеңіз, біз осы бағытта жұмыс істей бастаймыз",- деді Мақсат Қабашев премьер-министрге қарап сөйлеген сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны