19.06.2008, 10:14 1236

Қазақстанның премьер-министрі мен Илемдік банктің басшысымен ынтымақтастық болашағы жайында талқылады

Қазақстанның премьер-министрі мен Илемдік банктің басшысымен ынтымақтастық болашағы жайында талқылады

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның премьер-министрі мен Илемдік банктің басшысымен ынтымақтастық болашағы жайында талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Тараптар Қазақстан мен Илемдік Банктің арасындағы ынтымақтастық мәселесін, сондай-ақ еліміздің экономикалық дамуы мен мемлекеттік басқару саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы бірқатар мәселені талқылады", - деп көрсетілген баспасөз баянында.

К. Мәсімов Илемдік Банктің кеңес беру ісін жоғары бағалады және "біздің ынтымақтастық Қазақстанда реформаны жүргізу ісінде өте маңызды рөл атқарады" деп атап өтті.

Өз кезегінде, Р. Зеллик Илемдік Банктің Қазақстанмен ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қызығушылығын жеткізді. "Біз анағұрлым пайдалы әріптес болу үшін, қай салада өз көмегімізді көрсете алатынымызды білгіміз келеді",- деді Р. Зеллик.

Кездесу барысында сондай-ақ адам капиталы, Қазақстанда мамандар дайындау және білім беру ісін дамытуда мемлекеттік инвестициялаудың кейбір мәселесі талқыланды.

"Біз Қазақстанның жетістіктерін құрметтейміз және сіздердің болашақ жоспарларыңыз қуантады әрі тығыз ынтымақтастыққа сенімдіміз",- деді кездесу соңында Р. Зеллик.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны