09.01.2013, 16:05 3456

Қазақстанның сыртқы қарызы 134,9 млрд. долларды құрайды

Банк секторының сыртқы берешегінің төмендеуі жалғасуда. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко айтты.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның сыртқы қарызы 134,9 млрд. долларды құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Банк секторының сыртқы берешегінің төмендеуі жалғасуда. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко айтты.

"2012 жылдың 30 қыркүйегінде жалпы сыртқы борыш 134,9 млрд. долларды құрады. Оның 4 пайызы (5,1 млрд.) мемлекеттік сектордың, 10 пайызы (14 млрд.) банк секторының, 49 пайызы фирмаралық берешектер (65,8 млрд.)", - деді Григорий Марченко.

Оның айтуынша, қаржы нарығының 2012 жылғы алдын ала қорытындысы бойынша, банк секторының сыртқы борышы ТұранИлем банкінің міндеттемелерін екінші рет қайта құрылымдау нәтижесінде тағы 2,7 млрд. долларға кеміді. Яғни банк секторының жалпы берешегі 11,3 млрд. долларды құрады. Жалпы банк секторының сыртқы берешегінің шарықтау шегі 2007 жылы тіркеліп, ол 26,5 млрд. долларды құраған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны