11.11.2015, 15:02 4324

Қазақстанныӊ сыртқы сауда айналымы 36,4%-ға төмендеді - ҚР ҰЭМ

Қазақстанныӊ сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылдыӊ қаӊтар-қыркүйегінде 58878,2 млн долларды құрап, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 36,4%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылдыӊ қаӊтар-қыркүйегінде 58878,2 млн долларды құрап, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 36,4%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылғы қаӊтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 58878,2 млн АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каӊтар-қыркүйекпен салыстырғанда 36,4% төмендеді, оныӊ ішінде экспорт - 35733,2 млн АҚШ долларын (42,5% аз), импорт - 23145 млн АҚШ долларын құрады (23,8% аз)", - делінген ведомство хабарламасында, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Бұдан өзге, статистика ведомствосында мәлімдегендей, 2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ҚР-дағы тіркелген заӊды тұлғалардыӊ саны 357 849 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда 1,6% артты, оныӊ ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар - 348 764 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заӊды тұлғалардыӊ саны 219 798-ны құрады, оныӊ ішінде 211 040 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны