30.10.2009, 14:53 3465

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 айда екі есе азайды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 айда екі есе азайды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 айда екі есе азайды. Бұл туралы бүгін ҚР ИСМ сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 айда шамамен $50 млрд құрады. Еліміздегі сыртқы сауда айналымы объективті себептерге байланысты екі есе азайды", - деді А. Қазыбаев.

Оның айтуынша, экспорт екі есе азайып $30 млрд құраса, импорт - $20 млрд болды (құлдырау 36%).

"Экспорттың 80%-ға дейінгі үлесі шикізаттық тауарлар, олардың әлемдік бағасы құлдырады. Экспорттың сандық көлемі азайған жоқ", - деді А. Қазыбаев.

"Орта есеппен алғанда әлемдік биржаларда шикізаттық тауарлардың бағасы екі есе азайды, тиісінше, экспорттың құрамы да соншалықты төмендеді. Бірақ сандық тұрғыдан айтарлықтай құлдырау болмағанымен, әлемдік бағаның көтерілуі мен тұрақтануы оған біршама әсер етпек. Экспортқа қатысты ахуал жылдың аяғына дейін қалыпқа келеді", - деді комитет төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны