08.04.2009, 16:24 3309

Қазақстанның сыртқы үкіметтік қарыздарының қалдығы $1,6 млрд құрайды

Қазақстанның сыртқы үкіметтік қарыздарының қалдығы $1,6 млрд құрайды

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның сыртқы үкіметтік қарыздарының қалдығы $1,6 млрд құрайды. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінің депутаттарына "2000-2008 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының парламенті ратификациялаған халықаралық қаржы институттарымен шарттар бойынша Қазақстан Республикасының үкіметі тартқан қарыз қаражаттарын нысаналы әрі тиімді пайдалану туралы" хабарламасын таныстырған ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жалпы тәуелсіздік жылдарында сыртқы үкіметтік қарыз жөнінде жалпы көлемі $4,5 млрд сомаға шарттарға қол қойылған, оның ішінде 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен $3,7 млрд игерілген, $2,1 млрд көлемінде негізгі қарыз қайтарылған, сыртқы үкіметтік қарыздарының қалдығы - $1,6 млрд құрайды",- деді Б. Жәмішев.

"Жалпы 2000-2008 жылдар аралығында сыртқы үкіметтік қарыздардың аясында 44 инвестициялық жоба мен несиелік 46 келісім жүзеге асыру сатысында болды, соның ішінде 18 жоба Халықаралық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен, алты жоба - Азия даму банкінің, бес жоба - Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық банкінің, төрт жоба - Ислам даму банкінің, үш жоба - Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен қаржыландырылды", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны