25.05.2012, 15:51 3133

Қазақстанның телекоммуникация нарығы шетелдік инвесторлар үшін тартымды

"Шетелдік инвесторларға тұрақтылық пен болжам керек. Ал менің ойымша сіздерде бұның екеуі де бар, сондықтан сіздердің нарықтарыңыз оларға қызықты", - дейді Ларс Ниберг.

Астана. 25-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның телекоммуникация нарығы шетелдік инвесторлар үшін тартымды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына инвестиция салу үшін қолайлы кеңістік болып табылады, деп мәлім етті Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында "TeliaSonera" компаниясының президенті Ларс Ниберг.

"Шетелдік инвесторларға тұрақтылық пен болжам керек. Ал менің ойымша сіздерде бұның екеуі де бар, сондықтан сіздердің нарықтарыңыз оларға қызықты", - дейді Ларс Ниберг.

"Қазақстан соңғы жылдары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді және бірлесіп жұмыс істеген 14 жыл ішінде біз миллиард доллар инвестиция салдық, бұл инвестиция өзін ақтады", - деп толықтырды өз сөзін ол.

"Қазақстан үкіметі экономиканы әртараптандыруға ерекше назар бөледі, бұл өте дұрыс стратегия, біз өз тарапымыздан замануи телекоммуникациялық инфрақұрылым ұсына аламыз", - деп атап өтті Л.Ниберг.

Сондай-ақ ол негізгі иесі "TeliaSonera" компаниясы болып табылатын Kcell компаниясының алдағы жоспарларымен бөлісті. Жақын арада компания 3G байланысының жылдамдығынан 10 есе асып түсетін 4G жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны