02.02.2009, 11:50 1320

Қазақстанның тоғыз аймағында жалақы төлемдері бойынша кредиторлық қарыз бар - Жәмішев

Қазақстанның тоғыз аймағында жалақы төлемдері бойынша кредиторлық қарыз бар - Жәмішев

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанның тоғыз аймағында жалақы төлемдері бойынша кредиторлық қарыз бар. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанның тоғыз аймағында жалақы төлемдері бойынша кредиторлық қарыз бар. Мемлекет бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінің жалақысын көтеруге күш салып жатқан кезде жалақы берешегін тудыру мүлдем жол беруге болмайтын жайт деп санаймын және ең көп жалақы берешегі бар аймақтарға мыналар жатады: Жамбыл облысы - 653 млн теңге, Павлодар облысы - 394 млн, Шығыс Қазақстан - 61 млн, Ақмола - 22,6 млн", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны