22.11.2012, 13:57 2748

Қазақстанның төрт облысында фермерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылады

Еліміздің ауыл шаруашылығындағы негізгі қаржы институты "ілкі" жоба ретінде Ақмола, Алматы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бес ауданында Фермерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашпақшы, деп хабарлайды "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі.

Астана. 22-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанның төрт облысында фермерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ҚазАгро" ұлттық холдингі аграрийлерді қаржыландыруды жеңілдету бойынша оңтайлы шешімдер іздестіруде.

Еліміздің ауыл шаруашылығындағы негізгі қаржы институты "ілкі" жоба ретінде Ақмола, Алматы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бес ауданында Фермерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашпақшы, деп хабарлайды "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі.

Орталықтардың мамандары несие алуға өтініштерді қабылдайтын және ауылдықтарға консультативтік қызметтер көрсететін болады. Бұл жобаны іске асыру бойынша жұмыстар биылғы жыл аяқталғанға дейін басталады.

"ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов қаржыландырудың қолжетімділігіне байланысты агробизнес мәселелерін шешу бойынша жүйелік шараларды әзірлеу міндетін қойды.

Ұлттық холдинг басшысы айтқандай, "ҚазАгро" жұмыс тобының қызметі мен ұмтылыстарының қорытындысы мен көрсеткіштері жалпы өз жобасын қаржыландыру туралы шешімді фермер ең аз мерзімде және "бір терезеден" алатын жағдай болуы керек. Бұнымен қоса, Айтжановтың айтуынша, Қызмет көрсету орталықтарын шаруашылық жерлеріне жақын орналастыру қажет, ал олардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі коммерциалық банктермен, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдармен және ведомстволармен ықпалдасуы керек.

Қызмет көрсету орталықтарын ашудан басқа ұлттық холдинг несие беру процесін оңтайландыру аясында және ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге ыңғайлы болуы үшін "ҚазАгроның" еншілес компанияларының аймақтық филиалдарын облыс орталықтарында бір ғимаратқа орналастыру туралы шешім қабылдады. Еншілес компаниялар филиалдарын қайта орналастыру бойынша жұмысты 2013 жылы аяқтау жоспарлануда.

Айта кету керек, "ҚазАгро" ауылда несиелендіру рәсімдерін жетілдіруді бірнеше жылдан бері жүргізіп келеді. Бүгінде жобаны жүзеге асыру кезінде талап етілетін міндетті құжаттар тізімі қысқартылды, өтініштерді қарастыру мерзімдерін қысқарту бойынша жұмыс жүргізілуде, шаруашылықтарға көрсетілетін қызметтер бойынша ең аз мөлшерлемелерді бекіту туралы ұйымдармен меморандумдар жасалып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны