17.05.2007, 17:30 2906

Қазақстанның Түркіменстанға электр қуаты мен газға қатысты 32 млн АҚШ доллары көлеміндегі қарызы туралы мәселе жақын арада шешімін табуға тиіс - ЭМРМ

АСТАНА. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанның Түркіменстанға электр қуаты мен көгілдір отынға қатысты 32 млн АҚШ доллары көлеміндегі қарызы туралы мәселе жақын арада өз шешімін табуға тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің алқа отырысында осы мекеменің басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз өзіміздің жақын елдерге қарызымыз жөніндегі мәселелерді жақын арада шешуіміз қажет, бұл ең алдымын Түркіменстанның көгілдір отыны мен электр қуаты бойынша қарыздарға қатысты болып отыр",- деді Б. Ізмұхамбетов.

Министр, бүгінде қазақстан жағының Түркіменстанға 32 млн АҚШ доллары көлеміндегі берешегін еске сала кетті. "Оның шамамен 18,5 млн АҚШ доллары - бұл "Қазақстанэнерго" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының қарызы, ал қалғандары - шарушалық субъектілерінің қарызы",- деп нақтылап өтті ол.

"Қалай болғанда да, біз бұл мәселені шешуге тиіспіз, тіптен президент бұл мәселені жақын арада үкімет деңгейінде шешуге тапсырма берген",- деп атап көрсетті энергетика және минералды ресурстар министрі. "Бұл мәселеге қатысы барларға министрліктің энергетикалық қызметтеріне көмектесіңіздер деген өтінішім бар",- деді ол алқа отырысына қатысушыларға қаратып сөйлеген сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны