23.01.2008, 18:27 3000

Қазақстанның үкіметі агроөнеркәсіпті дамытуға 120 млрд теңге бөлуге дайын

Қазақстанның үкіметі агроөнеркәсіпті дамытуға 120 млрд теңге бөлуге дайын

Астана. 23-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның үкіметі агроөнеркәсіпті дамытуға 120 млрд теңге бөлуге дайын. Бұл туралы бүгін елбасымен кездесуі барысында Қазақстан Республикасының "Атамекен одағы" ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз үкіметтен ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды несиелендіруге 120 млрд теңге бөлуді өтінеміз", - деді А. Перуашев. Сонымен бірге ол, ауыл шаруашылығын қолдау мәселесі шешілгендігін және бағдарлама операторы болып "ҚазАгро" холдингі бекітілгенін жеткізді.

Сонымен қатар, "Атамекен одағы" үкіметтен нақты секторды, бірінші кезекте, тауардың тұтынушыға жеткізілу тізбегін толығымен құру үшін тамақ өнімдерінің кәсіпорындарын және жаппай тұтынатын тауарлар өндірушілерді несиелендіруге 140 млрд теңге, сондай-ақ, 60 млрд теңге қызмет көрсету және сауда саласындағы кәсіпорындарды несиелендіруге бөлуді сұрап отыр. "Бұл екі мәселе әлі шикі күйінде қалып отыр. Үкімет олар бойынша шешімді жақын уақыттарда қабылдауы керек", - деп толықтырды А. Перуашев.

"Сондай-ақ, нақты секторға бөлінетін несие тұрақты пайыздық мөлшерлемемен шектелгенінін дұрыс санаймыз", - деп атап көрсетті ол. "Бұл мәселе "Қазына" қорымен тығыз ынтымақтастықта талқыланып жатыр", - деді А. Перуашев. Сонымен бірге, "Атамекен одағы" одақ пен салалық бірлестіктер банктердің мемлекет қаражатын дұрыс және толық пайдаланып жатқанына мониторинг жасау мүмкіндігіне ие болғанын қалайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны