07.04.2016, 20:11 5037

Қазақстанныӊ Ұлттық банкі электронды төлемдер қызметтері нарығына мемлекеттік бақылау жүргізбекші

ҚР Ұлттық банкі төлем нарығыныӊ ашықтығын арттыру және ақтық тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында электронды төлем жүйелерініӊ банктік емес операторларыныӊ қызметін реттеу құзіретіне ие болады

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық банкі төлем нарығыныӊ ашықтығын арттыру және ақтық тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында электронды төлем жүйелерініӊ банктік емес операторларыныӊ қызметін реттеу құзіретіне ие болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жалпы ұсынылған заӊ жобасын қабылдау төлем нарығыныӊ ашықтығын арттыра түседі. Ондай қызметтерді реттеу нарығына жаӊа ойыншылардыӊ да қосылуы күтіледі. Төлемдер атқару бойынша банктік үдерістер де оӊтайландырылады, бәсекелестік кеӊейеді, сондай-ақ ақтық тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау қамтамасыз етіледі", - деп атап өтті бүгін Парламент Мәжілісінде "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заӊ жобасын таныстырған ҚР Ұлттық банкі төрағасыныӊ орынбасары Алпысбай Ахметов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, заӊ жобасын қабылдау төлем картасы жүйесін мейлінше қолдануды ынталандырады. Сонымен қатар, халыққа ұсынылатын қолма қол ақшасыз қызмет түрлерініӊ аясы да кеӊейе түседі.

"Қазіргі күні мемлекетте осы нарыққа қатысушылардыӊ нақты саны және төлем жүйелері арқылы жүргізілетін төлемдердіӊ көлемі туралы дәйекті ақпарат жоқ. Бұл нарықтыӊ құрылымында қолданылатын комиссия бойынша да ашықтық жоқ", - деді А.Ахметов.

Қазақстанныӊ төлем нарығында өз қызметін жүзеге асыратын банктік емес жеке төлем ұйымдарыныӊ қызметіне мемлекеттік бақылау енгізіледі.

Осы себепті "төлем ұйымдары" деген термин енгізілуде. Аталған ұғым аясына белгілі бір төлем қызметтерін жүзеге асыратын банктерден тәуелсіз жеке меншік электронды төлем жүйелері кіреді. Илемдік тәжірибеге сай, заӊ жобасы арқылы төлем агенттері мен субагенттерін тарту арқылы белгілі бір төлем түрлерін жасау мүмкіндігі ұсынылады.

Қазір қолданыстағы "Төлем мен ақша аударымдары туралы" заӊ тек төлем мен ақша аударымдары кезіндегі құқық бұзушылықтыӊ болмауын қамтамасыз етеді. Атап айтар болсақ, ақша аударымдары мен төлемдердіӊ жүзеге асу тәртібі мен әдістерін белгілеп, аталған операцияларды жасау туралы бұйрықтыӊ орындау тәртібін анықтап, ақша аударымдары мен төлем жасауға қатысушы тұлғалардыӊ міндеттері мен құқықтарын белгілейді.

Оныӊ айтуынша, заӊ жобасын қабылдау төлем картасы жүйесін мейлінше қолдануды ынталандырады. Сонымен қатар, халыққа ұсынылатын қолма қол ақшасыз қызмет түрлерініӊ аясы да кеӊейе түседі.

Заӊ жобасы әлеуметтік-экономикалық зиян келтірмейді. Сонымен қатар, бастама мемлекеттік бюджеттен қаражатты да қажет етпейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны