19.02.2007, 18:52 3088

Қазақстанның Ұлттық банкінің халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 5,3%-ға өсті

АЛМАТЫ. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық резервтері (Ұлттық қордың ақшасын есептемегенде) және ақша базасы 2007 жылғы 15 ақпанда мынадай болды:

Таза халықаралық резервтер ағымдағы бағалармен 22 011,0 млн. доллар,

Еркін айналмалы валютадағы таза активтер 20 530,9 млн. доллар, ақша базасы ағымдағы бағалармен 1 516,3 млрд. теңге болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2007 жылғы ақпанның бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері өсті.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 5,3%-ға (немесе 1 114,1 млн. долл.) өсті.

Ұлттық банктің ішкі валюта нарығында валюта сатып алуы, үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі және екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының өсуі валюта қорының ұлғаюына алып келді. Ұлттық қордың активтерін толықтыру және алтын-валюта резервтерінің шоттарынан қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша жүргізілген операциялар көлемі айтарлықтай болған жоқ.

Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 1 032,0 млн. долларға, әлемдік нарықтағы бағасының 3,5%-ға өсуі нәтижесінде алтындағы активтер 82,1 млн. долларға артты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны