04.06.2008, 22:33 2872

Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы әкімдіктерге бизнеске қаржылай көмекті ұлғайтуды ұсынып отыр

Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы әкімдіктерге бизнеске қаржылай көмекті ұлғайтуды ұсынып отыр

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы "Атамекен одағы" әкімдіктерге басқа шығындарды қысқарту есебінен бизнеске қаржылай көмекті ұлғайтуды ұсынады. Бұл жөнінде кеше баспасөз мәслихатында "Атамекен Одағының" төрағасы Азат Перуашев жариялаған палатаның мемлекеттің жергілікті органдарына арнаған үндеуінде айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Өткен жылдың күзінен бері қарай Қазақстан бизнесі әлем экономикасының кері үрдістерінің әсерімен бетпе-бет келгендігі белгілі. Жалпы мемлекет бойынша өткен жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында шағын кәсіпкерлік шығарған өнімдердің көлемі 1,5 есеге азайып кеткен", - деп атап көрсетті А. Перуашев. "Бірқатар облыстарда шағын бизнестің іскерлік белсенділігінің төмендеуі жойқын сипат алды. Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында төмендеу 70-80 пайызды құраған, яғни, 5 есе!", - деп атап көрсетті ол.

А. Перуашев жағдайдың бұлайша қалыптасуына шағын және орта кәсіпкерлікті жеткілікті деңгейде қаржыландырмау, банктік несиенің қымбаттауы мен оның шарттарының қатаюы себеп болған.

"Осыған байланысты Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы "Атамекен Одағы" барлық облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне әрбір өңір бойынша 3 млрд теңгеге немесе бюджеттік даму бағдарламаларының 50 пайызына дейін шағын бизнесті қолдауға бөлуге шақырамыз", - деді ол. "Осы мақсатта осындай қиын кезеңде кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсету үшін көріктендіру, таныстыру шаралары мен нысандарды қаржыландыруды уақытша тоқтата тұруды мүмкін деп есептейміз", - деп көрсетілген үндеуде.

Бұл ретте құжатта, сарапшылардың бағалауынша, бизнестің іскерлік белсенділігін бұрынғы деңгейінде ұстап тұру үшін жалпы көлемі 100 млрд теңгеден кеме емес қосымша қаржыландур қажет деп атап көрсетілген. "Қалыптасқан дағдарысты жағдайды ескере отырып, шағын және орта бизнесті экономикалық құрылым ретінде сақтау үшін аталмыш шараларды алдағы күндер мен апталарда қабылдау қажет", - деп айтылған үндеуде.

Сонымен қатар, экономикалық палата мемлекеттік сатып алулар бойынша тауарлар мен қызметтерді тек қана отандық өндірушілерден сатып алуды қамтамасыз етуге шақырып, мемлекеттік орандарға жүгінген. "Мемлекеттік сатып алулар жүйесі Қазақстан изнесін қаржыландырудың маңыздың көзі болуға тиіс. Үстіміздегі жылдың 23 қаңтарында "Атамекен Одағымен" кездесуде мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алуларды отандық тауар өндірушілердің өнімдеріне барынша бағыттауға тапсырма бергені белгілі. Алайда, аталмыш тапсырма әлі күнге дейін орындалған жоқ", - деп атап көрсетілген үндеуде.

Сондай-ақ, "Атамекен Одағы" жергілікті мемлекеттік орандар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға Қазақстан өнімдерімен және тауарларымен сауда жасайтын муниципалдық немесе мемлекеттік-жеке меншік сауда кәсіпорындарын құру жөнінде ұсыныс жасаған.

"Атамекен Одағы" аталмыш ұсыныстарды жүзеге асыру кәсіпкерлердің мүддесін қорғауда, шағын және орта бизнеске жаңа жағдайда жұмысқа жақсырақ бейімделуге көмектесуде, іскерлік белсенділікті күшейтуде және экономиканың жаңа, ең табысты және перспективалық секторларын игеруде маңызды рөл атқара алады және атқаруы тиіс дегенге сенімді болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны