27.02.2018, 17:38 5701

Қазақстанныӊ Ұлттық инвестициялық стратегиясын іске асыру шеӊберінде жүргізілген жұмыстар таныстырылды

Қазақстан өӊірлері шегінде пайдалануға енгізілуі жоспарланатын инвестициялық жобалардыӊ көп саны Алматы облысына - 5 жоба ($179 млн.), ОҚО - 5 жоба ($1,9 млрд.), Алматы қаласы - 5 жоба ($187 млн.), Астана қаласы - 2 жоба ($244 млн.) және Қостанай облысына - 2 жоба ($14 млн.) келеді.

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Үкіметі отырысы барысында "KazakhInvest" Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстанныӊ 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегиясын іске асыру шеӊберінде шетел инвестициясын тарту бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат берді.

"KazakhInvest" Басқарма төрағасы С.Тұяқбаев экономика қажеттіктерінен шығып 35 мыӊ жұмыс орнын құрумен $47,8 млрд жалпы сомаға шетел инвесторларын қатыстырып 145 жобадан тұратын тізбе қалыптастырылғанын хабарлады.

2018 жылы әкімдіктер және мемлекеттік органдармен бірлесіп $1,6 млрд сомаға шетел инвестицияларын қатыстырумен 15 жоба құрылысы бастау алады және $3 млрд сомаға 23 жоба пайдалануға енгізілетін болады. Қазақстан өӊірлері шегінде пайдалануға енгізілуі жоспарланатын инвестициялық жобалардыӊ көп саны Алматы облысына - 5 жоба ($179 млн.), ОҚО - 5 жоба ($1,9 млрд.), Алматы қаласы - 5 жоба ($187 млн.), Астана қаласы - 2 жоба ($244 млн.) және Қостанай облысына - 2 жоба ($14 млн.) келеді.

Бұдан басқа ағымдағы жылы міндеттеу құжатына қол қоюмен $16,4 млрд сомаға ірі 17 жобаны іске асыруға инвесторларды тарту міндеті алда тұр.

"Инвесторларды тарту үшін бүгінгі таӊда Deloitte компаниясымен бірлесіп 50 "ірі" жоба дайындалды. Инвестициялық ұсыныстар халықаралық стандарттарға сәйкеседі және қазірден бастап жұмыста. Ағымдағы жылы "Үлкен төрттіктен" халықаралық деӊгейдегі консультанттарды қатыстырып жаӊа инвестициялық жобаларды дайындаймыз", - деп хабарлады С.Тұякбаев.

Ұлттық инвестициялық стратегияны іске асыру шеӊберінде инвесторлармен жұмыс атаулы қағидат бойынша құрылады. 2018 жылғы сәуір айында әр басымдықты ел немесе елдер тобы үшін "Елдік стратегия" немесе нақты елмен жұмыс істеуге қатысты нұсқама құрылатын болады. Бұдан басқа осы бағыттағы жаӊашылдық Ирландия, Испания, Нидерланды, Италия, РФ және т.б. сияқты елдерден инвестицияларды тартумен айналысатын компанияларды (Multiplier) қатыстыру болып табылады.

"Біз сонымен бірге шетел инвесторлары үшін жайлы жағдайды қамтамасыз етуге күш жұмсаймыз. Инвесторлардыӊ проблемалық мәселелерін "ерте бастан елеу" жүйесі енгізіледі. Бұл "инвестициялық омбудсмен" институтын нығайту. Сондай-ақ 2018 жылғы мамыр айында Қазақстанда болуы укезінде инвесторларға көмек көрсетуге арналған "Call-center"іске қосылады", деді "KazakhInvest" басшысы.

А.ж. мамыр айында Invest.gov.kz сайтында инвесторлармен жұмыс істейтін ақпараттық-мониторингтеу жүйесі (CRM) іске қосылады. Ир инвестор CRM жүйесіне қол жеткізе алады. Осы үлгімен уәкілетті органдар инвестициялардыӊ тартылу процесін, инвест жобалардыӊ іске асырылуын тексеріп қана қоймай, проблемалық телімдерді танып, олардыӊ туындау себептерін талдап, оларды жылдам жоюға мүмкіндік алады. Аталған құрал инвестормен жылдам кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны