10.10.2016, 11:05 4171

Қазақстанныӊ ұлттық жүк флоты "Жібек жолы" және "Атамекен" құрғақ жүк кемелерімен толықты

"Ағымдағы жылғы 6 қазанда "Атамекен" құрғақ жүк кемесі суға түсірілді, Ақтау портына ағымдағы жылғы қарашада келеді деп жоспарлануда", - деп хабарлайды ҚР ИДМ.

Астана. 10 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ ұлттық жүк флоты "Жібек жолы" және "Атамекен" құрғақ жүк кемесімен толықты.

Ағымдағы жылда ұлттық флот әрқайсысыныӊ дедвейті 7 мыӊ тонна болатын "Жібек жолы" және "Атамекен" атты жаӊа екі құрғақ жүк кемелерімен толықты.

"Ағымдағы жылғы 6 қазанда "Атамекен" құрғақ жүк кемесі суға түсірілді, Ақтау портына ағымдағы жылғы қарашада келеді деп жоспарлануда", - деп хабарлайды ҚР ИДМ.

Еске салсақ, "Жiбек жолы" құрғақ жүк кемесі Шлиссельбург қаласында Нева кеме жасау/кеме жөндеу зауытында 12 шілдеде суға түсірілгеннен кейін арқандап байлау сынақтарынан сәтті өтті және ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Ақтау тіркеу портына келді.

Министрлік соӊғы кезде құрғақ жүктерініӊ теӊіз тасымалыныӊ айтарлықтай жандандыруын ескере отырып, осы оқиғаныӊ Қазақстанныӊ транзиттік-көліктік әлеуетін арттырудағы және ұлттық құрғақ жүк флотын дамытудағы маӊызын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны