15.07.2014, 23:13 3753

Қазақстанның үш аймағында "Өрлеу" атты шартты әлеуметтік көмек жобасы пилоттық режімде енгізілді

"Шартты әлеуметтік көмек атаулы көмектен жоғары, яғни әрбір отбасы мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы төленеді. Бүгінде жоба Ақмола, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып келеді, оған 7,5 мың адам қатысады. Келесі жылы аталған жоба Астана, Алматы қалаларында іске асырыла бастайды", - деді министр.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. Шартты әлеуметтік көмек жобасы Ақмола, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып келеді. 2016 жылдан бастап еліміздің барлық аймақтарында енгізіледі. Бұл туралы ОКҚ өткен бирфингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

"Биылғы жылдың басынан пилоттық режимде еліміздің үш өңірінде шартты әлеуметтік көмекті енгізіп жатырмыз. Оның атаулы әлеуметтік көмектен ерекшелігі бар. Шүбәсіз әлеуметтік көмек өздерін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға көрсетіледі. Ал шартты әлеуметтік көмек еңбекке жарамды мүшелері бар әлжуаз отбасыларға көрсетіледі", - дейді Т.Дүйсенова.

"Шартты әлеуметтік көмек атаулы көмектен жоғары, яғни әрбір отбасы мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы төленеді. Бүгінде жоба Ақмола, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып келеді, оған 7,5 мың адам қатысады. Келесі жылы аталған жоба Астана, Алматы қалаларында іске асырыла бастайды", - деп министр өз ойын толықтырды.

Ал, 2016 жылдан бастап бұл жүйе еліміздің барлық аймақтарында енгізілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны