16.04.2014, 20:15 3286

Қазақстанның зейнетақы активі 3,9 трлн теңгені құрайды - ҚР Ұлттық банкі

Қазақстанда зейнетақы активі 3,9 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстанда зейнетақы активі 3,9 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

"Біз зейнетақы қорларын консолидациясы бойынша көп жұмыс атқардық. Бұл әрекет 1 сәуір күні аяқталды. Жеке алып қарасақ, барлық қор Бірыңғай зейнетақы қорына аударылды. Елде болған барлық зейнетақы активі 3,9 трлн теңгені құрайды", - деді Қ. Келімбетов.

Бас банкирдің айтуынша, аталмыш қаражатты орналастыру мәселсі талқыланып жатыр.

"Активтерге берілген шамамен 4 трлн теңге "Самұрық-Қазына" қорының мемлекттік құнды қағаздары ретінде орналастырылды. Сонымен қатар, түрлі валюталық құралдарға салынып, сонымен қатар жеке сектор облигациясы құралдарына да бағытталды. Біз осы активтерді міндетті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру жұмыстарын аяқтадық. Жалпы, біздің пікірімізше, алдағы уақытта Үкіметпен бірге экономикалық саясат кеңесіне осы қаражаттың жайын талқылайтын боламыз", - дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар, Үкімет тарапынан белсенді атқарылып жатқан "Халықтық IPO" бағдарламасына деген қызығушылық жоғары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны