02.03.2012, 13:19 4031

Қазақстанның жиынтық алтын-валюта қоры 82 млрд. долларға жетті

"Елдің жиынтық алтын-валюта қоры 82 млрд. долларды құрады. Оның ішінде Ұлттық қор 47 млрд. долларға жетті. Яғни, алтын-валюта қоры елдің жалпы ішкі өнімінің 40 пайызына теңесті",- деді ҚР Президенті.

Астана. 2-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның жиынтық алтын-валюта қоры 82 млрд. долларға жетті деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

"Елдің жиынтық алтын-валюта қоры 82 млрд. долларды құрады. Оның ішінде Ұлттық қор 47 млрд. долларға жетті. Яғни, алтын-валюта қоры елдің жалпы ішкі өнімінің 40 пайызына теңесті",- деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ Елбасының атап өтуінше, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиясын жүзеге асыру өз жалғасын табады. Аталған құжатқа сәйкес еліміз алдағы 15 жылда қарқынды дами түсетін болады. Оған Парламент сайлауының нәтижелері жарқын дәлел болатындығын атап өткен Н. Назарбаев: "Сайлау біздің жас демократиямыздың жаңа қадамы болды. Парламент Мәжілісіне 3 саяси партия өтті. Толықтай алғанда Қазақстан есейген елге айналды деп айтуға болады",-деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны