18.06.2008, 18:16 3156

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығынан ірі ойыншылар кетуде

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығынан ірі ойыншылар кетуде

Алматы. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығынан ірі ойыншылар кетуде. Мұндай мәлімдемені баспасөз мәслихатында Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының вице-президенті Серік Тұржанов жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазір барлығы Астананың мерейтойын тойлауға дайындалу үстінде. Алматының көптеген құрылыс компаниялары Астанаға жол тартты. Той аяқталғаннан кейін құрылысшылар не істемек? Қазір құрылыс бизнесі Ресейде жақсы дамуда. Көптеген құрылыс компаниялары техникалары мен үздік мамандарын алып, Санкт-Петербург пен Мәскеуге кетіп жатыр. Қаржыландыру қай жерде бар, бизнес сол жерге барады", - деп хабарлады С. Тұржанов.

Атап айтқанда, біздің риэлторлық және девелоперлік нарығымыздан көптеген ойыншылар кету үстінде. Оның ішінде құрылыс компаниялары, "Базис-А" корпорациясы бар", - деді Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының вице-президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны