04.05.2014, 19:07 4276

Қазақстанның ЖІӨ 1997 жылдан бері 10 есеге көбейді - Н. Назарбаев

Қазақстанның ЖІӨ 1997 жылдан бері 10 есеге көбейді - Н. Назарбаев

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін АДБ кеңесінің жыл сайынғы 47-ші кеңесінің ашылауында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылдан бері Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 10 есеге көбейгенін айтты.

"Сарапшылардың бағалауынша, 2050 жылға қарсы әлемдік сауда инвестициясының жартысы мен жалпы ішкі өнім Азияда жиналатын болады. Бұл тенденциялар қалаларға шоғырландыру жылдамдығымен, ірі агломерациямен қолданатын болады", - деді Президент.

Оның айтуынша, мұндай сценарий өңірдің Азия ғасырына енуіне өз септігін тигізеді.

"Сондықтан да, экономикалық өсу мен аймақтардың гүлдену тағдыры өзіміздің қолымызда. Бізге еліміз бен аймақтарымызда үдемелі экономикалық дамуды жалғастыру қажет", - деді Н. Назарбаев.

Осы бағытта Қазақстан нық әрі нақты қадамдар жасауда, оның барлығы стратегиялық жоспарға сәйкес өсуде.

"Біз елдің ЖІӨ 1997 жылдан бастап 10 есеге өсуіне жеттік, ол ортажылдық ЖІӨ өсімінің 6 пайызын құрады. Қазақстан 15 жыл ішінде жылдам дамитын елдер қатарына қосылды. Экономиканың жылдам дамуы халық табысын екі есеге арттырды, кедейшілік деңгейі 13 есеге қысқарды. Яғни, 38 пайыздан 3 пайызға дейін", - деді Елбасы.

Айта кетерлігі, Қазақстанның халықаралық резерві 100 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанның ЖІӨ мен Ұлттық қордағы шикізат ресурстары 33 пайызды құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны