12.12.2007, 17:59 3182

Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2007 жылы 9 % кем болмайды - ЭБЖМ

Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2007 жылы 9 % кем болмайды - ЭБЖМ

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы Динара Шаженованың пікірінше, 2007 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі 9 % кем болмайды деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің есебіміз бойынша, 2007 жылы Жалпы ішкі өнім өсімі 9% кем болмайды. Жан басына шаққанда ЖІӨ біздің жасаған есеп-қисабымыз бойынша, $7 мың құрайды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 1.3 есеге артық", - деді ол сәрсенбіде өткен Қазақстан Республикасының үкіметі мен Еуропалық комиссиясының екінші экономикалық форумында.

"Болжам бойынша, жыл аяғына дейін өндірістік өнімдер өсімі 4% деңгейге жетсе, ауыл шаруашылық өнімдері 7% көтерілуі ықтимал", - деді жауапты хатшы. Сонымен қатар, ол 2007 жылы жұмыссыздар деңгейінің 7,5% төмендеуі күтілуде, деп атап өтті ол.

Оның мәліметтері бойынша, биылғы жылы байланыс қызмет көрсетудің өсімі - 30%, сауда- 10% көтеріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны