14.05.2013, 09:55 3703

Қазақстанның ЖІӨ өсуі 2013 жылы 6% көлемінде сақталады

Республикадағы нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі 6% көлемінде сақталады, деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның ЖІӨ өсуі 2013 жылы 6% көлемінде сақталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республикадағы нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі 6% көлемінде сақталады, деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

"2013 жылы нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі базалық сценарий бойынша бекітілген деңгейде, яғни 6 % көлемінде сақталуда", - деді Е.Досаев.

Ведомство басшысының айтуынша, болжам бойынша жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 34 триллион 291 миллиард теңгені құрайды, бұл бұрын жоспарланғаннан 2 триллин 331 миллиард теңгеге төмен.

"2013 жылы жалпы ішкі өнім көлемі бойынша болжамның төмендеуіне өткен жылдың іс жүзінде қалыптасқан неғұрлым төмен базасы, металлургия және химия өнеркәсібі өндірісінің төмендеуі және металдардың әлемдік бағасының төмендеуі ықпал етті", - деп түсіндірді Е.Досаев.

Сауда теңгерімінің сальдосы, ЭБЖМ мәліметінше, экспорттың 3,7 млрд. долларға өсуі және импорттың 5,1 млрд. долларға төмендеуі есебінен 8,9 млрд. АҚШ долларына ұлғаяды.

"Болжам бойынша инфляция дәлізі бекітілген деңгейде сақталып, 6-8 %-дан аспайтын болады",- деді министр.

"Мұнайға бағаның болжамы 2013 жылы бір баррель үшін 100 АҚШ долларын құрайды. Бұл ретте, бағаның ұлғаюы оптимизмді білдіру емес, заттардың нақты жағдайын көрсетеді. Бюджеттің мұнай бағасына тәуелділігі жанама болғандықтан, бұл бюджеттің кіріс бөлігіне әсер етпейді",- деп атап өтті Экономика министрлігіңің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны