06.02.2014, 22:29 4125

Қазақстан-түрік автокөлік қызметтері нарығында қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі 2 еседен артық өсті

Көлік және коммуникациялар министрлігінің хабарлауынша, 2012 жылы Қазақстан мен Түркия рұқсат беру құжаттары алмасуының жаңа рәсімін қабылдағанын белгілеген жөн. Осылайша екі жақ рұқсат беру құжаттарының 7500 данасы мөлшерінде алмасу үлестемесін белгілеуге келісті.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. 2013 жылы ауыр жүк көлік құралдарымен Түркиядан Қазақстанға жасалған сапарлар саны 2012 жылмен салыстырғанда 838-ден 1821-ге дейін өсті. Сол кездегі осы тасымалдардағы қазақстандық оператордың үлесі сол мерзім бойынша 10,5%-дан 25,5%-ға өсті.

Көлік және коммуникациялар министрлігінің хабарлауынша, 2012 жылы Қазақстан мен Түркия рұқсат беру құжаттары алмасуының жаңа рәсімін қабылдағанын белгілеген жөн. Осылайша екі жақ рұқсат беру құжаттарының 7500 данасы мөлшерінде алмасу үлестемесін белгілеуге келісті. Рұқсат беру құжаттарымен алмасу екі кезеңмен тең бөлікте өтті.

Нәтижесінде 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 3750 рұқсат беру құжатымен алмасу өткізілген. Түрік жағы өз алдымен 2013 жылы Түркия аумағында 1500 қазақстандық автокөлік құралдарын тиеуге міндеттеме алды. Екінші жартыжылдық алмасу Түркиядан Қазақстанға 750 қазақстандық автокөлік құралдарын тиеуден кейін жасалды.

Осылайша қабылданған шаралар 2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда қазақстандық тасымалдаушылардың Түркиядан Қазақстанға жасалған сапарлар санын 2 есе үлкейтуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, 2013 жылдың тамызында өткен келісім сөздер барысында Тараптар рұқсат беру құжаттарын кезең-кезеңмен беру механизмін жалғастыруды келісті. Осылайша ағымдағы жылы Түркия аумағында 2100 қазақстандық автокөлік құралы тиеледі деп жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны