12.10.2012, 16:48 3502

"Қазақстан-Түрікменстан-Иран" темір жолы жүк тасымалын 10 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Рамин Мехманпараст айтты.

Алматы. 12-қазан. Kazakhstan Today - "Қазақстан-Түрікменстан-Иран" темір жолы жүк тасымалын 10 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Рамин Мехманпараст айтты.

Оның айтуынша, Иран аталған темір жолдың өз жеріндегі бөлігін келесі жылы наурыз айына дейін бітіруді көздеп отыр. "Мен білемін, Қазақстан өз жағындағы темір жолдың құрылысын аяқтады. Түрікменстан әлі жұмыс істеп жатыр. Негізі, "Қазақстан-Түрікменстан-Иран" темір жолы іске қосылғаннан кейін жүк тасымалын жылына 10 млн. тоннаға дейін жеткізуге болады. Оның ішінде астық тасымалы да бар", - дейді Р.Мехманпараст.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны