31.05.2012, 10:36 16944

Қазақстан-Түркіменстан шекарасы арқылы өтетін жаңа теміржол өткізу бекеті ашылатын болады

Кеше Ашхабад қаласында Қазақстан-Түркіменстан мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін халықаралық теміржол өткізу бекеті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркіменстан Республикасы Үкіметі арасындағы келісімге қол қойылды.

Астана. 31-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан-Түркіменстан шекарасы арқылы өтетін жаңа теміржол өткізу бекеті ашылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Ашхабад қаласында Қазақстан-Түркіменстан мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін халықаралық теміржол өткізу бекеті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркіменстан Республикасы Үкіметі арасындағы келісімге қол қойылды.

Аталмыш құжатқа Қазақстанның Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев пен Түркіменстан Республикасының Теміржол көлігі министрі Байрам Аннамеров қол қойды. Келісім Қазақстан-Түркіменстан мемлекеттік шекарасы арқылы Болашақ (Қазақстан) - Серхетяка (Түркіменстан) халықаралық теміржол өткізу бекетін ашуды көздейді.

Айта кетерлігі, Бұл "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін жаңғырту жөніндегі халықаралық жоба кезеңдерінің бірі болып табылады. Аталған жоба аясында Қазақстан, Түркіменстан және Иран елдері Өзен (Қазақстан) - Берекет (Түркіменстан) - Горган (Иран) теміржол желісінің құрылысын жүзеге асыруда.

Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, қазақстандық тарап аталған теміржол желісінің 146 километрді құрайтын құрылысын өткен жылдың соңында барлық нысандарымен бірге аяқтады.

Естеріңізге салып өтейік, "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін жаңғырту жөніндегі халықаралық жобаны жүзеге асыру жұмысы 2007 жылы басталған. Сол жылы Қазақстан, Түркіменстан және Иран Мемлекет басшылары Каспий жағалауы елдерінің Мемлекет басшыларының Саммитінде Өзен (Қазақстан) - Берекет (Түркіменстан) - Горган (Иран) теміржол желісінің құрылысын жүзеге асыру бойынша Біріккен Декларацияға қол қойған болатын.

Барлық учаскелер пайдалануға берілген кезде Парсы шығанағы елдерінің нарығына құрлық арқылы шығу мүмкіндік туады. Және ара қашықтық 600 шақырымға дейін қысқарады. Пайдалануға берілген алғашқы жылы Қазақстан аталған учаске арқылы 5,5 млн тоннаға дейін жүк өткізуді көздеуде. Тасымалданатын жүктердің қатарында: астық, құрылыс материалдары, халық шаруашылығы тауарлары, металл бұйымдары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны