28.07.2014, 19:59 6458

Қазақтелеком 6 ай ішінде 128 мың телефон орнатты

2014 жылғы бірінші жартыжылдықта 128.012 телефон орнатылды, қалалық желіде 86.421 бірлік, ауылдық желіде 41.591 бірлік.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. Есептілік мерзім ішінде компанияның телекоммуникациялық желілерінде телефония қызметтеріне жаңа абоненттерді қосу бойынша белсенді жұмыстар жалғасты, - деп "Қазақтелеком" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

2014 жылғы бірінші жартыжылдықта 128.012 телефон орнатылды, қалалық желіде 86.421 бірлік, ауылдық желіде 41.591 бірлік.

Барлығы 2014 жылғы 1 шілде күні бойынша тіркелген желілер саны 4.067.647 бірлікті құрады, оның ішінде ҚТЖ 2.916.016 бірлік, АТЖ 1.151.631 бірлік.

"Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобы бойынша Интернет желісіне қатынау қызметтерін пайдаланушылар саны 2014 жылғы 1 шілде күні бойынша 4 033 926 адамды құрады, оның ішінде кеңжолақты Интернет желісін пайдаланушылар саны 3 970 215 адамды құрады.

Жалғанған нөмірлік сыйымдылық бойынша цифрландыру деңгейі 98,6% құрады. ҚТЖ осы көрсеткіш 98,55 %, АТЖ - 98,75 % құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны