28.12.2013, 19:59 5090

"Қазақтелеком" АҚ 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап телекоммуникация қызметтеріне тарифтерді төмендетпек

Лимитсіз негізде жергілікті және қалааралық телефон байланысы қызметтерін қамтитын "Сенің Қазақстаның" қызметтер пакеті бойынша ай сайынғы төлем 200 теңгеге төмендетіліп, ҚҚС қоса алғанда 1 290 теңгені құрайды. Лимитсіз негізде қалааралық телефон байланысы және сымсыз кең жолақты ғаламтор желісіне кіру қызметін қамтитын "Super EV-DO" қызметтер пакетінің ай сайынғы төлемі 20%-дан астам төмендетілді.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan today. "Қазақтелеком" АҚ ауылдық жерлердегі жеке тұлғалар үшін телекоммуникация қызметтеріне қолжетімділік деңгейін көтеру мақсатында тарифтерді төмендету жөнінде іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

Осылайша, лимитсіз негізде жергілікті және қалааралық телефон байланысы қызметтерін қамтитын "Сенің Қазақстаның" қызметтер пакеті бойынша ай сайынғы төлем 200 теңгеге төмендетіліп, ҚҚС қоса алғанда 1 290 теңгені құрайды. Лимитсіз негізде қалааралық телефон байланысы және сымсыз кең жолақты ғаламтор желісіне кіру қызметін қамтитын "Super EV-DO" қызметтер пакетінің ай сайынғы төлемі 20%-дан астам төмендетілді.

Сонымен қатар, лимитсіз негізде қалааралық телефон байланысы және Megaline/ iD Net қызметтерін қамтитын пакеттер бойынша қала және ауылдық жерлердің жеке тұлғалары үшін тарифтік жоспарлардың жаңа желісі енгізілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны