01.07.2010, 13:21 2941

"Қазақтелеком" барлық бағыттағы халықаралық телефон байланысының бағасын өзгертеді

Компанияның хабарлауынша, 2010 жылдың 1-шілдесінен бастап ТМД елдеріне қоңырау шалу бағасының бір минуты 25 теңгеден, ал алыс шетелдерге 45 теңгеден жоғары болмақ. Сондай-ақ, халықаралық телефон байланысы 30 секундпен саналады.

Алматы. 1-шілде. Kazakhstan Today "Қазақтелеком" АҚ 2010 жылдың 1-шілдесінен бастап ТМД елдері бойынша қазіргі дифференциауиялық тарифтің күшін жойып, барлық бағыттағы халықаралық телефон байланысының бағасын өзгертеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Компанияның хабарлауынша, 2010 жылдың 1-шілдесінен бастап ТМД елдеріне қоңырау шалу бағасының бір минуты 25 теңгеден, ал алыс шетелдерге 45 теңгеден жоғары болмақ. Сондай-ақ, халықаралық телефон байланысы 30 секундпен саналады.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "Қазақтелеком" жеке тұлғаларға flate-rate сызбасы бойынша пакеттік негізде қызмет көрсетуді жалғастыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны